Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тоқаев қазақстандық металлургтерді марапаттады

Тоқаев қазақстандық металлургтерді марапаттады
Ашық дереккөз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев металлургтерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы 2024 жылғы 19 шілдесінде Ақорда ақпарат берді, деп хабарлайды arainfo.kz

Осы салада қызмет ететін майталман мамандар ел экономикасының өркендеуіне орасан зор үлес қосып жүр. Осыған орай  металлургтер күні қарсаңында Қазақстанның индустриялық және инфрақұрылымдық дамуына қосқан үлесі үшін бір топ сала қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.

Мемлекет басшысының Жарлығымен 22 адам «Құрмет» орденімен, 41 адам 3-дәрежелі «Еңбек даңқы» орденімен, 51 адам «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Сондай-ақ, 7 маман Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Айта кетейік, металлургтер күні дәстүрлі түрде шілде айының үшінші жексенбісінде аталып өтілсе, биыл ол 21-іне сәйкес келеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар