Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылжымайтын мүлік құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлік құқықтарды мемлекеттік тіркеу
Ашық дереккөз
«Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен өзге де заңдарда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және құқықтық кадастрдағы мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін мемлекеттің тануы мен растауының міндетті рәсімі;

Электрондық тіркеу – мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың, мұрагерлікке құқық туралы куәліктің, меншік құқығы туралы куәліктің электрондық көшірмесі негізінде, сондай-ақ Заңда белгіленген өзге де жағдайларда жүзеге асырылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу.

Құқықтық кадастр - жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтардың, азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар туралы мәліметтердің бірыңғай мемлекеттік тізілімі;

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік  тіркеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (тіркеуші органдар) жүзеге асырады

Жамбыл облысы

Әділет департаментінің

бас маманы Ж.Е. Асанбаев

.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар