Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жазғы демалыстың шырқы бұзылмас үшін

Жазғы демалыстың шырқы бұзылмас үшін
Ашық дереккөз
Жадырап жаз келгелі де біршама уақыт өтті. Жазғы демалысында оқушылардың кейбірі қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінде демалады. Осы ретте, яғни жазғы лагерь маусымы басталғаннан кейін әр аудандағы полиция бөлімдерінің бастықтары жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде белсенді профилактикалық жұмыстар жүргізуге кірісті.

Бүгінде облыстың бес ауданында 7 сауықтыру лагері жұмыс істейді. Атап айтқанда, Жуалыда  «Тау самалы», «Берікқара», Жамбыл ауданында  «Болашақ», «Мөлдір бұлақ», Қордайда «Балауса», Меркіде «Жұлдыз», Таласта «Жұрындысай» лагерьлері орналасқан.

Осы сауықтыру лагерьлерінде 2 575 оқушы тынығатын болса, қазір онда 1 095 оқушы демалысын тиімді өткізіп жатыр.Аудандық полиция бөлімдерінің бастықтары балалар лагерьлерінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қауіпсіздік шараларының қамтамасыз етілуін тексеруде.

Полицейлер жеткіншектермен түрлі тақырыптарда әңгімелесіп, оның ішінде тыйым салынған түнгі серуендеуге, белгіленбеген орындарда шомылуға болмайтыны туралы және жол-көлік жарақатының қаупі жайлы айтты.

Бұл жұмысқа бірден бірнеше бөлініс қызметкерлері тартылды. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жолаушы балалардың қауіпсіз тасымалдануын қадағалайды. Балаларды тасымалдайтын автобустар патрульдік көліктермен бірге жүреді. Ювеналдық полиция қызметкерлерінен арнайы кезекшілік кестесі жасалып, қызметкерлер аптасына екі рет лагерьлерге барып жүр.

«AR-AI»-ақпарат
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар