Өнегелі шараны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды. «Қасиетті домбыра» атауымен өткен дәстүрлі акцияға аталмыш мекеме басшысы Мүбәрак Жинақбаева, облыстық «Анаға тағзым» отбасыларды қолдау орталығының директоры, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали және кеңестің белсенді мүшелері қатысты.
– Шілде айының алғашқы жексенбісінде аталып өтетін Ұлттық домбыра күні – Қазақстан Республикасында халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, ортақ құндылықтардың төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Болашақта нәрестелердің де асыл идеяны іске асырушылар қатарында болатынына сенімдіміз. Өнегелі өмір жолында ұлттық аспап сәбилердің жан серігі болсын! – деді Мүбәрак Қасымқызы.
Ұлттық аспапты ұлықтауға арналған шарада ұйымдастырушылар жаңа туған сәбилерге және олардың жас аналарына төл аспапты «айналайын» деп басталатын ең әдемі сөзбен естелік ретінде сыйға тартып, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілектерін білдірді.Сондай-ақ ақ жаулықты ана атансын деген ниетпен кеңес мүшелері жас аналарға ақ орамал жауып, батасын берді.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және
қоғаммен байланыс» бөлімі
«Жасай бер, жайна, Астана!»
Ұқсас жаңалықтар
Мойынқұм ауданы Мыңарал ауылында білімнің жаңа нұры жарқ етті!
- авторAR-AY
- 11 желтоқсан, 2024