Айталық, қазір Абай көшесінің бойында «KAZ ELIT STROY» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 3,172 шақырым жаяу жүргіншілер жолының құрылысын бастады. Сондай-ақ Әйтиев және Ы.Дүкенұлы (Саңырық батыр көшесінен Байзақ батыр көшесіне дейін), Әшімбаев (Ы.Дүкенұлынан Байзақ батыр көшесіне дейін) көшелерінде де жүргіншілерге арналған жаяу жүргіншілер жолын салу жұмыстары жанданды.
Ал ұзындығы 1 шақырым 114 метр болатын Т.Аппаев көшесі мен кіші Бесағаш көшесінде бүгінгі күні жұмыстар толық аяқталып, ел игілігіне ұсынылды. Бұдан бөлек мердігер «КАТСА» ЖШС арқылы ұзындығы 3 шақырым 245 метр болатын А.Пушкин және Х.Бектұрғанов көшелерінің көлік жолымен бірге жаяу жүргіншілер жолының да құрылысы жүруде. Демьян Бедный көшесінде де тура осындай ілкімді істер атқарылуда.
Міне, осылайша жаяу жүргіншілер жолына жергілікті билік айрықша көңіл бөлуде. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жүйелі жалғасын табатын болады.
Айта кетейік, былтыр қала аумағында жалпы ұзындығы 14 шақырымды құрайтын 11 жоба жүзеге асырылған болатын.
Тараз қаласы әкімдігінің
медиа орталығы