Бүгінде «Битрикс» ақпараттық жүйесі мен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының іс-шаралары «Easy Project» ақпараттық жүйесіне енгізіліп, жобаларды басқару жұмыстары іске асырылуда. Олар: «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2023-2024 жылдары 7, 2024-2025 жылдары 5, барлығы 12 жоба бекітілген. Оның ішінде 26 маңызды кезең, 3 425 іс-шара қарастырылған.
Сонымен бірге «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша 22 жоба, оның ішінде 477 маңызды кезең, 4 852 іс-шара, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы бойынша 12 жоба (2024 жылы – 7, 2025 жылы – 5) іске асырылатын болады.
Тұжырымдаманың 4-бағыты: сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау; сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау; квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 37 жоба, оның ішінде 43 маңызды кезең, 295 іс-шара іске асырылатын болады.
Жобалық офис жобаларды басқару бойынша негізгі қызметінен басқа, мемлекеттік қызметшілерді оқытуды, сертификаттаудан өтуді ұйымдастырумен де айналысады.Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру мақсатында жобалық офис Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп ҚР СТ ISO 21500-2014, ISO 21502-2022 ұлттық стандарты бойынша оқыту ұйымдастырды.
Бүгінгі күні 99 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырудан өтіп, оның 45-і сертификат алды.Үлкен жұмыс көлеміне және қызметкерлердің шектеулі санына қарамастан, жобалық офис Астана қаласында өткен «Qazaqstan Project Management Awards – 2023» ұлттық конкурсында үздік нәтижелерге қол жеткізіп, «Үздік жобалық кеңсе» алтын жүлдесінің иегері атанды.
Руслан Ноқрабекова,
облыс әкімдігі цифрлық технологиялар
басқармасының басшысы