Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жасанды интеллект киногерлерді жұмыссыз қалдырмақ

Жасанды интеллект киногерлерді жұмыссыз қалдырмақ
Ашық дереккөз
Бүгінгі күні жасанды интеллект қоғамдағы барлық салаға дендеп еніп келеді. Оның ішінде киноиндустрияға да бұл жат емес. Себебі бүгінде жасанды интеллект қысқаметражды фильм жасауда таптырмайтын көмекшіге айналып отыр. Көршілес елдер бұған әлдеқашан ден қойған. Бүгінгі мақаламызда жасанды интеллекттің кинематографистерге өз идеяларын жүзеге асыруға қалай көмектесетінін және саланы болашақта не күтіп тұрғаны туралы мәлімет жинап көрдік.

Шетелдік кинорежиссерлер 2000 жылдардың басынан бері жасанды интеллект құралдарын және оған оқытуды салада пайдаланып келеді. Бастапқыда жасанды интеллект негізінен арнайы эффектілерді қосу және компьютерде басқа кескіндерді жасау үшін қажет болды. Ал қазір кино саласының майталмандары нейрондық желілерді бет-әлпетті тану технологиясынан сценарий жазуға дейін әртүрлі тапсырмалар үшін пайдалануда.

Жасанды интеллект арқылы шет тіліне дубляждауда кейіпкердің аузын қимылдатуы да оңтайландырылды. Қазір әлемде «Scriptbook» және «Largo AI» сияқты бағдарламалар сценарийлер мен фильмдер туралы деректерді алдын ала талдап,  олардың коммерциялық табыстарын болжайды.

Сонымен қатар нейрондық желілер актерлерге қауіп төнетін экшн көріністерін түсіруде сәтті қолданылуда. «Netflix» пен «Amazon Prime» секілді видеостриминг платформалары жасанды интеллектті көрерменнің сұранысын зерттеуге пайдалануда.«MarketResearch.biz» сарапшыларының 2023 жылдың шілдесіндегі есебінше, алдағы 10 жылда фильм түсіруде қолданылатын генеративті жасанды интеллект нарығының көлемі он есе өседі, жалпы капиталдандыру шамамен 2,882 миллиард долларға жетеді екен.

Бұдан бөлек кинодағы компьютерлік графикаларда жаңа серпіліс байқалады. Тіпті жасанды интеллект  киноиндустриядағы трендтерді талдап, сценарий жазуға қауқарлы. Ал виртуалды актерлер жайлы әңгіме мүлде басқа.Ресейде 2022 жылы түсірілген «ПМ Джейсон» телехикаясы танымалдылыққа ие.

Фильм болашақтағы, яғни 2027 жылы болатын оқиға желісінде түсірілген.Сценарий бойынша, Голливуд жұлдызы Джейсон Стэтхэм Ресейде тұрады, өзіне саяжай сатып алып, тіл үйреніп, жақсы қоныстанады. Джейсон өзінің мерейтойын жаңа ресейлік достары мен Голливудтағы ескі әріптестерінің ортасында атап өтеді.

Фильмде Джейсон Стэтхэммен бірге Николас Кейдж, Роберт Паттинсон және басқа да атақты жұлдыздар бар. Бірақ шындығына келсек, ондай кино әртістері бұл киноға түспеген. Оларды жасанды интеллект жасаған. Сіз оларды нағыз актерлерден мүлде ажырата алмайсыз.Кино тарихында жасанды интеллект сюжеттік идея ретінде біраз уақыт бұрын қолданылып жүрді.

Мәселен,  Фриц Лангтың  1927 жылы түсірілген  «Метрополис» фильмінде ғалым адам-машина жасап шығарады. Бірақ фильм түсіру құралы ретінде жасанды интеллект  кейінгі  онжылдықта ғана индустрияның маңызды бөлігіне айналды.Фильмдердегі компьютерлік графика жасанды интеллект көмегімен көбірек жасалады. Бір мысал – 2022 жылы шыққан Джеймс Кэмеронның «Аватар» блокбастерінің екінші бөлімі шықты.

Онда жасанды интеллект режиссерлерге компьютер арқылы жасалған кейіпкерлердің қимылдарын реттеуге көмектесті.Дегенмен нейрондық желілердің қарқынды дамуының зияны да жоқ емес. Атақты жұлдыздар  дауыстары мен сыртқы түрлерін өте дәл қайталайтын терең фейк технологияның құрбаны болуда.

Ең сорақысы, олар жарнамадан жалған әндерге дейін кез келген жерде қолданылып жүр. Жасанды интеллект ертегі және фантастика жанрында жасалады.«13-клиника» сериалында басты кейіпкер ерекше ауруханаға түседі.

Ол жерде тылсым иелері адамдардың ішіне  кіріп емдейді. Қазір бұл фильмнің екінші маусымы түсірілуде. «Киберауыл» сериалының 2023 жылы танымал болғаны соншалық, авторлар тіпті жаңа жылдық ерекше эпизод жасады.«Netflix» секілді ағынды телекомпаниялардың пайда болуымен актерлер мен жазушылар табысының күрт төмендеуі байқалады.

Әдетте адамдар шоуларды, сериалдарды, бағдарламаларды неғұрлым ұзақ қараса, соғұрлым актерлер мен жазушылар көбірек ақша алады.Актерлер қауымы жасанды интеллекттің көмегімен өздерінің қатысуынсыз фильм түсірілуіне қарсы. «Breaking Bad» фильмінің жұлдызы Брайан Крэнстон Нью-Йорктегі актерлердің ереуіліне жетекшілік етті.

Ол «Disney» компаниясының бас директоры Боб Игерге: «Бізді киноға түсіп, жұмыс істеп, лайықты күн көру құқығынан айыруға жол бермейміз. Ең бастысы, біздің абыройымызды түсіруге қарсымыз», деп үндеу жасады.Киносыншылардың болжамы бойынша, алдағы 10-15 жылда нейрондық желі бүкіл фильмді өндіру циклін өз қолына алады.

Яғни ол идеяны ойлап табады, сценарий жазады, компьютерлік кейіпкерлермен сахналарды түсіреді, арнайы эффекттер қосады, дайын материалды өңдей алады  және киноға қатысты кез келген қызметтерді ұршықша иіреді. Керек десеңіз, ол кезде нағыз актерлер қажет болмай қалуы да мүмкін.

Дайын мазмұн бірден жүздеген тілге аударылады. Бұл фильм өнімдерінің сыртқы нарықтарға жылдам шығуына мүмкіндік береді. Яғни жасанды интеллект фильмді басынан аяғына дейін өзі жасап шығады. Бірақ мұндай мазмұн тікелей көрермендерге қызықты бола ма екен? Оны уақыт көрсетер...

Айжан Өзбекова

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар