Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады

Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталар айналымға шығады
baq.kz
Ұлттық банк Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» сериясынан QANYSH SÁTBAEV. 125 JYL коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

«Монеталар шығарылымы кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына шығарылды», – делінген ҚҰБ хабарламасында. 

 

Кеңестік геолог-ғалым, ғылым және қоғам қайраткері, профессор, Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті-Қаныш Сәтбаевтың құрметіне арналған бұл монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында өзінің белгіленген құнымен кез келген төлемге қабылданады. Елдің барлық банкінде банк шоттарына есепке алынуға, аударылуға, ұсақталуға және айырбасталуға жатады.

Номиналы 2 000 теңгелік монетада марганец рудасының, минералдың түсін білдіретін күрең қызыл түске ие тантал сақинасы бар. Бұл ірі кен орнын Қ. Сәтбаев Жезді ауылының маңында тауып, игерген. Марганец Ұлы Отан соғысы кезінде броньды техникаға арналған болат қорытпалары өндірісінде кеңінен қолданылып, КСРО-ға марганец кенінің 70%-дан астамын беріп отырған.

Биколорлы монеталар мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде ҚҰБ нөмірлі сапа сертификаттары бар кәдесый орамында шығарылады. Мельхиор қоспасынан дайындалған монеталар блистерлік ормада шығарылады. Коллекциялық монеталар Қазақстан теңге сарайында дайындалды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар