Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин

Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс - ҚХР төрағасы Си Цзиньпин
akorda.kz
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин "Қытай және Қазақстан: жаңа көкжиекке ортақ ұмтылыс" атты авторлық мақаласында Бейжің мен Астананың саяси өзара сенімінің деңгейіне тоқталды, деп хабарлайды arainfo.kz сайтының тілшісі baq.kz-ке сілтеме жасап

Си Цзиньпиннің пікірінше, екі ел арасындағы қатынастар жан-жақты стратегиялық серіктестіктен мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікке дейін дамыды.

2000 жылдан астам уақыт бұрын Чжан Цянның батысқа дипломатиялық миссиясы Қытай мен Орталық Азияның достық байланыстарынан бастау алды. 80 жылдан астам уақыт бұрын Алматы қаласында қытайлық композитор Сянь Синхай қазақстандық әріптесі Бақытжан Байқадамовпен кездесіп, достасып, шекарасы жоқ бауырластық құрды. 32 жыл бұрын Қытай Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып мойындады, содан бері екіжақты қатынастар қарқынды түрде алға ұмтылуда... Өзара қолдау мен ынтымақтастық рухында біз бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейдегі саяси өзара сенімге қол жеткіздік, - деп атап өтті ҚХР төрағасы.

Сондай-ақ ол екі тарап әрқашан бір-бірін түбегейлі мүдде мен негізгі мәселелерге қатысты мәселелерде қатты қолдайды, ұлттық ерекшеліктерге сәйкес даму жолын өз бетінше таңдауда әрқашан бір-бірін құрметтейтінін атап өтті.

Қиын сәттерде, су тасқыны, пандемия немесе басқа сынақтар болсын, біз әрқашан өзара көмек қолын созып, арқамызды тосып, бір-бірімізге ең сенімді тірек боламыз. Мұндай берік, өте құнды сенім ынтымақтастықтың негізгі саяси кепілі болды, - деді Си Цзиньпин.

ҚХР төрағасы былтыр екіжақты сауда көлемі рекордтық 41 млрд АҚШ долларына жеткенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қытай Қазақстанның бас сауда серіктесі және қазақстандық тауарлардың ірі импорттаушысы болып отырғанын айтты.

Өзара тиімділік пен бірлескен даму рухында біз елеулі нәтижелерге қол жеткіздік. Былтырғы жылы екіжақты сауда көлемі рекордтық 41 млрд АҚШ долларына жетті. Қытай Қазақстанның бас сауда серіктесі және қазақстандық тауарлардың ірі импорттаушысы болып отыр. Жаңатас ЖЭС, Тұрғысын ГЭС сияқты стратегиялық маңызы бар жобалар сәтті пайдалануға берілді. Шымкент МӨЗ-ді жаңғырту жәнереконструкциялау жұмыстары аяқталды. Қауіпсіз, әрі тұрақты негізде Қытай - Қазақстан мұнай және газ құбырлары жұмыс істейді. Жеткізілетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің барлық номенклатурасын кедендік ресімдеуден жедел өткізу үшін жасылдәліз құрылды. Қытайлардың дастарханында Қазақстанның жоғары сапалы және экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдері көбейіп келеді. Жаңартылатын энергия көздері мен көлік инфрақұрылымы саласындағы ынтымақтастықтың әлеуеті үнемі жаңа қырынан ашылып отырады. Сиань қаласында құрғақ порт пайдалануға берілді. Батыс Еуропа-Батыс Қытай автожолы және Қытай-Еуропа контейнерлік пойыздары үздіксіз жұмыс істейді. Бұл екі елдің дамуына қуатты серпін береді, - деді ол.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар