Бірқатар қалада террористік қауіптің «сары» деңгейі енгізіледі
- author AR-AY
- 2 шілде, 2024
- 342
"Құрметті Астана, Алматы, Қарағанды және Көкшетау қалаларының тұрғындары мен қонақтары! Қазақстанда шілденің 2-5 аралығында бірқатар маңызды халықаралық іс-шара, оның ішінде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының кеңесі мен Қытай Халық Республикасы төрағасының мемлекеттік ресми сапары өтеді. Осыған орай әлемге белгілі тәжірибеге сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдар келетін шетелдік делегациялардың, олардың ішінде мемлекет басшылары мен халықаралық ұйымдар басшыларының қауіпсіздігін жоғары деңгейде қамтамасыз етуге толыққанды шаралар қабылдайды", - делінген ҰҚК хабарламасында.
Бірқалыпты ("сары") деңгей уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, әкімшілік және жедел іс-шаралар кешенін өткізуді көздейді, атап айтқанда:
Бірқалыпты ("сары") деңгей уәкілетті мемлекеттік органдардың ұйымдастырушылық, әкімшілік және жедел іс-шаралар кешенін өткізуді көздейді, атап айтқанда: жекелеген аумақтарда көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалыстарына шектеу енгізеді; кинология қызметінің мамандарын тарта отырып, көшелерде, алаңдарда, стадиондарда, скверлерде, саябақтарда, магистральді теміржол желілерінде, теміржол вокзалдарында, автовокзалдарда, әуежайларда, метрополитен объектілерінде, бұқаралық және жаппай іс-шаралар өтетін орындарда патрульдерді күшейтеді; жарылғыш құрылғыларды анықтау және жою бойынша террористік тұрғыдан осал объектілерге және адамдар көп жиналатын орындарға, бұқаралық және жаппай іс-шараларға қатысушылардың қозғалуларының негізгі бағдарларына тексеру жүргізеді; әуежайларда, метрополитен объектілерінде, теміржол вокзалдарында және автовокзалдарда жете тексеру іс-шараларын өткізу барысында арнайы техника құралдарын пайдалану арқылы режимдік шараларды күшейтеді.
Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысына түсінікпен қаралауларыңызды және олардың қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауды сұраймыз-дейді ҰҚК.