Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ғылым қызметкерлеріне қатысты заң қабылданды

Ғылым қызметкерлеріне қатысты заң қабылданды
Ашық дереккөз
Мемлекет басшысы 1 шілдеде "Ғылым және технологиялық саясат туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды arainfo.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым және технологиялық саясат, платформалық жұмыспен қамту және мемлекеттік бақылау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.Құжатта ғылымның дамуын ынталандырудың мемлекеттік шаралары сондай-ақ ғылыми қызметті мемлекеттік қолдау шаралары айқындалады.

Бұған дейін заң ғылым мен технологиялық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталғаны хабарланған.

Сондай-ақ, ғылыми инфрақұрылымның негізгі элементтері, ғылыми ұйымдарды қаржыландыру тәртібі, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет субъектілеріне олардың ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру бағдарламаларын іске асыруға жәрдемдесу шаралары айқындалады. 

Айта кетейік, осыған дейін технологиялық саясат мәселелері бойынша мемлекеттік саясаттың құқықтық,экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық негіздерін жетілдіруге бағытталғаны хабарланған.

"Ғылым және технологиялық саясат туралы" Заң жобасында "қауымдастырылған профессор (доцент)" және "профессор" ғылыми атақтары үшін жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамына және республикалық бюджеттен ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми қызметкерлерге қосымша ақы белгілеу көзделген.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар