Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2 шілдеде бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауады

2 шілдеде бірнеше өңірде найзағай ойнап, нөсер жаңбыр және бұршақ жауады
Ашық дереккөз
"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 2 шілдеде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды arainfo.kz

Синоптиктердің болжамы бойынша, күн райына циклон мен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі ықпал етеді.

Солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында күн күркірейді, нөсер жаңбыр мен бұршақ жауады.

Еліміздің тек батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал, қалған бөліктерінде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады, түнде және таңертең солтүстікте және солтүстік-батыста тұман түседі.

Өрт қаупі жоғары аймақтар да тіркелген: Алматы облысында, Павлодар облысының шығысында, батысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының шығысында, солтүстік-батысында, Абай облысының орталығында, батысында, Шығыс Қазақстанның солтүстігінде, Жетісу облысында, Ақмоланың шығысында, Атырау облысының батысында, шығысында, Батыс Қазақстан облыстарында.

Жамбылдың шығысында, Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында, Алматы облысының орталығында Түркістан, Қызылорда облыстарында, Ұлытау облысында, , Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде және Абай облысында, Атыраудың батысында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстаудың батысында, Қарағанды облысының оңтүстігі мен батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында аптап ыстық болады.

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар