Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды

Тұрғындардың талап-тілегі тыңдалды
Ашық дереккөз
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев облыстық әкімдіктің ғимаратында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдап, сауалдарына құлақ түрді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың басым бөлігі баспанамен қамту мәселесіне тоқталды. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларды медициналық оңалту үшін үй-жай, балықшаруашылығын дамытуға жер бөлуді сұрады. Суармалы су жетіспеушілігі мәселесіне де тоқталды.Бұдан бөлек қабылдауға жазылғандар көпқабатты тұрғын үйлерін жөндеп беруді өтінді.Өз кезегінде аймақ басшысы қойылған барлық сауалдарды назарға алып, азаматтарға заң аясында жауап берді.Қабылдау қорытындысы бойынша басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдеріне көтерілген мәселелерді жіті зерделеп, бақылауға алу тапсырылды.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар