Ол - 1988 жылы Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында дүниеге келген, Ішкі істер органдарында 2008 жылдан бастап қызмет атқарады. Саят Азматұлы Абдибековтың айтуынша әр мереке сайын мекеменің қоғамдық өміріне белсене қатысқан жаза өтеушілерді марапаттан құр қалдырмай, оларды марапаттауға негіз болатын қосымша шаралар да ұйымдастырып отырады. Сонда олардың өздеріне деген сенімдері нығайып, бостандыққа деген құлшыныстары арта түседі дейді.
Сотталғандардың қоғамға қалыпты азамат ретінде оралуын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін жұмсайтын қызметкер – жасақ басшысы. Жасақ бастығы өз тобындағы әрбір сотталғанның мінез-құлқын, өмірлік дағдысын, жақсы немесе жаман әдеттерін жақсы біледі. Атаулы мерекеге орай, сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс тобының жасақ басшыларын мерекелерімен құттықтай отырып қызметтеріне адалдық, сәттілік тілеймін.
Жасақ бастығы - абыройлы қызмет!
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанның екі үлкен қаласында бет-әлпетті тану жүйесі іске қосылды.
- авторAR-AY
- 20 қараша, 2024