Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл облысында отыз екінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Жамбыл облысында отыз екінші «Жас сақшы» сыныбы ашылды
Ашық дереккөз
Тараз қаласындағы Өмірбек Жолдасбеков атындағы №50 орта мектепте кезекті «Жас сақшы» полиция сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды arainfo.kz

Іс-шараға Тараз қаласы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Данияр Әзімов, мектеп әкімшілігі, оқушылар және ата-аналар қатысты.

Салтанатты жиын барысында «Жас сақшы» сыныбының оқушылары ант қабылдап, оларға арнайы куәліктер мен естелік сыйлықтар табысталды.

— Бұл ҚР Ішкі істер министрлігінің бастамасы аясында Жамбыл облысында ашылған 32-ші мектеп. Аталмыш жоба – жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, құқықтық мәдениетін арттыруға және полиция қызметіне  қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама, – деп атап өтті Данияр Әзімов. 

Іс-шара соңында қатысушылар жас сақшыларға ізгі тілектерін білдіріп, еркін форматтағы әңгімелесу алаңына жалғасты. Оқушылар полиция қызметкерлеріне көкейдегі сауалдарын жолдап, болашақ мақсаттарымен бөлісті.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар