Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қарулы күштердің сенімді резерві

Қарулы күштердің сенімді резерві
Ашық дереккөз
13 маусым – Аумақтық әскерлердің құрылған күні. 2017 жылғы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына қол қойылған болатын.

Аталған нормативтік құқықтық актінің негізінде аумақтық әскерлердің құрамаларына Қарулы Күштердің аумақтық әскерлері мәртебесі берілді. Құжатта Қорғаныс министрлігінің аумақтық әскерлерді басқарудағы өкілеттіктері мен оларды ұстап тұру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың функциялары бекітілген.Аумақтық әскерлер қалыпты уақытта қысқартылған штат бойынша жұмыс істейді. Қажеттілік туындағанда төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету, сондай-ақ табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жоюға жұмылдырылады.
Облыстық аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Әлжан Хамзиннің айтуынша, аумақтық қорғаныс бригадаларының маңызды міндеттерінің бірі – төтенше жағдай кезінде облыстың әлеуметтік маңызды объектілерін күзетіп, сол арқылы тұрақты армияны бұл міндеттерден босату.

Облыстағы аумақтық қорғаныс бригадасы 2018 жылдың желтоқсан айында құрылды. Ол облыс әкімінің бөлімшесіне айналды. Аумақтық қорғаныс аймағының басшысы болып облыс әкімі тағайындалады. Жергілікті атқарушы органдар аумақтық әскерлерді ұстауды және оларды материалдық-техникалық құралдармен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Бірақ әскери мәселелерде әскери қорғаныс бригадасының командирі ҚР Қарулы Күштердің аумақтық әскерлерінің органдарына бағынады.

Бригада құрылғалы бері 8 тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар ұйымдастырылып, әскери борышын өтеуге жататын 400-ге жуық азамат дала жағдайында тәжірибелік дайындықтан өтті. Жауынгерлік дайындықтың сапалы дәрежеде өтуіне шақырылған қарапайым облыс тұрғындары да аз үлес қосып жүрген жоқ.Әскери борышын өтеуге міндетті азаматтарға арналған оқу-жаттығу жиынының біріне қатысқан Меркі ауданының тұрғыны Данияр Әбдіразақ: «Көмек керек болса, бәріміз елге қорған болуға міндеттіміз. Оқу-жаттығу жиынында бірі полигонда алғаш рет жаттығудан өтсе, енді бірі алған білімдерін қайталап, шеберліктерін шыңдайды. Біз бәріміз әскери дайындықтан өтіп, жауынгер ретінде дайындалуымыз керек, – дейді.


Биыл бригада штаты кеңейді, қазір оның құрамында жүз әскери қызметкер бар.– Біздің бригадамызға ҚР Қарулы Күштері мен басқа да әскерлер қатарында қызмет етуде үлкен тәжірибесі бар нағыз кәсіби мамандардың келіп жатқанына қуаныштымын. Олар өз тәжірибесімен біздің команданың біліктілігін одан әрі нығайтады, – дейді Әлжан Хамзин. 


Қазіргі уақытта облыстың аумақтық қорғаныс бригадасы оңтүстік өңірдің тағы үш резервтік бригадасымен, атап айтқанда, Түркістан және Қызылорда облыстары, сондай-ақ Шымкент қаласымен бірге «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің құрамына біріккен. 

А. Бекенқызы 
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар