Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Экологиялық акция кең көлемде жүргізілуде

Экологиялық акция кең көлемде жүргізілуде
Ашық дереккөз
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Т.Рысқұлов ауданындағы «Ардагерлер үйі» саябағында белсенді жастар мен «Жасыл ел» еңбек жасақтары абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Экологиялық акция аудан орталығындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Жеңіс» саябағында жалғасты.

Саябақ аумағы көгалдандырылып, қоқыстан тазартылды. Сонымен қатар аудандық жастар ресурстық орталығының мамандарының ұйымдастыруымен акция барысында Құлан ауылындағы 3 жалғызбасты қартқа және барлық ауылдық округте жалғызбасты қарттардың ауласына тазалық жұмыстары жүргізіліп, көмектер көрсетілді.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылған жұмыстарға ауданның 50-ге жуық белсенді жасы қамтылды. 

Э.Тілеубердіқызы, 
Т.Рысқұлов ауданы 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар