Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жаның жаннатта болсын!

Жаның  жаннатта болсын!
Ашық дереккөз
Талас ауданы, С.Шәкіров ауылы­ның тұр­ғыны болған құрдасымыз, сыныптасымыз Сопбекова Қымбат Дүйсенбекқызынан қапияда көз жазып қалдық. Аяулы құрдасымыз 46 жасқа қараған шағында жол-көлік апатынан көз жұмды.

Біз Қымбат сыныптасымыздың бақилық болып кеткеніне әлі күнге дейін сене алмаймыз. Ортамызда жүргендей, алдымыздан жайнап шыға келердей күй кешудеміз.
Қымбат өте ақылды, момын, тәрбиелі, өнегелі қыз еді. Өзі қолынан қолөнер жұмыстары келетін ісмер болатын. «Он саусағы он кісі» деп  дәл осындай өнерлі кісілерді айтатын шығар. Өзін салмақты, таза ұстайтын. Өсек-аяң, артық әңгімеге мүлдем жоқ болатын. Ортаға құрметті, құрдастарының арасында да сыйлы болатын. Біз сыныптасымыз Қымбат Дүйсенбекқызының жақсы қасиеттерін ешқашан ұмытпай, жүрегімізде сақтаймыз. Алла ісіне амал бар ма? Жатқан жері жайлы, жаны жаннатта болғай!

Қымбатым-ау, қан жылайды жүрегім,
Құрмет тұтар құрдасымның бірі едің.
Ана ауылға кеттің неге асығып,
Кеше ғана жайраң қағып жүр едің.

Сағындың ба әкең менен анаңды,
Адамдармен алыстатып араңды.
Кімге сеніп тастап кеттің, Қымбатым,
Жарың, сосын жеті бірдей балаңды.

Бүтін едік, қабырғамыз сөгілді,
Қымбатым-ау, тәрк еттің бе өмірді?
Сезесің бе туған-туыс, бауырдың, 
Қапияда ет жүрегі езілді.

Жатқан жерің жайлы болсын, Қымбатым,
Басқалардан бөлек еді сымбатың.
Бұл дүние мен о дүниенің арасы,
Білмеппін ғой болатынын тым жақын.

Еске алушы: құрдастарың

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар