Акция аясында Байзақ ауданында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Сарыкемер ауылындағы «Астананың 10 жылдығы» дендросаябағы, «Отбасы» аллеясы аумағында аудан әкімдігінің бөлім, мекеме қызметкерлері және жастар мен еріктілердің қатысуымен тазалық жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында жол жағасындағы шөптер шабылып, каналдар мен арықтар тазаланды.«Ауылына қарап, азаматын таны» дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті де көрікті болуы ауыл тұрғындарының жанашырлығына тікелей байланысты. Тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениетінің өлшемі де.
Кең ауқымды әрі жаңа форматта өткен акция белгілі бір тақырыптармен 5 аптаға созылды. Осылайша әрбір елді мекендегі аулалар мен көшелер, ескерткіштер мен саябақтар аумағы тазаланып, абаттандыру жұмыстары атқарылды.Акция барысында аудан бойынша 6 767 шаршы метр жер абаттандырылып, 5 130 тал-дарақ отырғызылды. Абаттандыру бойынша Мырзатай, Көптерек, Қызыл жұлдыз, Диқан, Жалғызтөбе, Ботамойнақ, Түймекент ауылдық округтері өзгелерге үлгі көрсетті.
Тал бұтақтарын кесіп, реттеуде Жалғызтөбе, Бәйтерек, Диқан, Ынтымақ ауылдық округтері жақсы жұмыс істеді.Ауданда 35 180 шаршы метр саябақтар мен скверлердің аумағы тазаланды. Бұл жұмыста Мырзатай, Ботамойнақ, Сарыкемер, Бурыл, Көктал ауылдық округіндегі жақсы жұмыстарды атап өтуге болады. Жол бойындағы бағаналарды сырлау, гүлзарлар отырғызу, көше, аулаларды тазалау, қоғамдық ғимараттардың қасбеттерін және тұрғын үйлердің сырт пішіні мен қоршауларын ретке келтіруде Көптерек, Ботамойнақ, Бәйтерек, Жалғызтөбе, Сарыкемер, Бурыл, Түймекент ауылдық округтерінде атқарылған жұмыстар өзгелерге үлгі болуы тиіс.Туған жердің тазалығы – баршаға ортақ іс. Өйткені денсаулықтың кепілі – тазалық. Ауданымыздағы тазалық, көріктендіру, көгеріштендіру жұмыстары жыл бойы жалғаса беретін болады. Жалпы таза орта қалыптастыру тазалаудың емес, тазалық сақтаудың нәтижесінде жүзеге асатыны айдан анық.
Сүндетулла ӘБІЛОВ,
журналист,
Байзақ ауданы