Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Шуда биыл 100 отбасы баспаналы болады

Шуда биыл 100 отбасы баспаналы болады
Ашық дереккөз
Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында өткен кезекті брифингте Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасады.

2024 жылдың 4 айында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде оң динамика қалыптасыпты. Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 10 289,6 миллиард теңге болған. Ал ауылшаруашылығы өнімінің көлемі – 6 566,9 миллиард теңге, инвестиция көлемі 17 840,2 миллиард теңгені құрапты. «Ауыл аманаты» жобасы бойынша Шу ауданында 2019 жылдан бастап 5 ауылдық округте жүйелі жұмыстар атқарылған. Жобаның бес бағыты бойынша 715 өтінім қарастырылып, тұрғындарға барлығы 4,2 миллиард теңге несие берілген. 

– Жоба аясында 5 ауылшаруашылығы өндірістік кооперативі құрылды. Сонымен қатар 452,1 миллион теңгеге 49 ауылшаруашылық техникасын сатып алуға өтінім беріп, 40 техникасы жеткізілді. Алдағы уақытта 9 техника кооператив төрағаларына ұсынылады. Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында 5 адам 34,6 миллион теңге несие алып, жұмыс істеуде.2024 жылы жоспарға сәйкес пайдаланылмай жатқан ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жоспары 10 000 гектарды құрайды. Бүгінгі күнге 3 653 гектар жер қайтарылды. 

Ауданда тұрғын үй кезегінде 1 747 азамат тіркелген. Соңғы 30 жылдан астам уақыт бойы аудан аумағында көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілмеген. Өткен жылы Шу қаласынан 30 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үй ел игілігіне берілді. Аталған жобаның бір ерекшелігі – тұрғындар алған пәтерлерінің 30 пайызын алдын ала төлесе, қалған бөлігін 5 жылға пайызсыз төлейтін болады.

Одан бөлек өткен жылы кезекте тұрған 60 азамат баспаналы болса, биыл 100 азаматқа баспана кілтін табыстау жоспарланып отыр.Сонымен қатар Шу қаласындағы «Жетісу» тұрғын алқабында 80 пəтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. 5 қабатты 2 үйдің құрылысын жүргізуге жеке сәйкестендіру құжаты дайын. 2024-2025 жылдар аралығында тұрғын үй кезегіндегі 180 азамат баспаналы болады деп жоспарлануда.Жалпы ауданда 142 көппәтерлі үй бар. 2023 жылы облыстық бюджеттен 167 миллион теңге бөлініп, Шу қаласындағы 9 көппәтерлі тұрғын үйге жөндеу жұмыстары жүргізілді, – дейді Б.Жәнібеков.

Ауданда 35 елді мекеннің 27-сі орталықтандырылған ауызсумен қамтылған екен. 2024 жылы 24 жоба бойынша 73 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Анар ӘУЕСБЕК,
М.Х.Дулати атындағы 
Тараз өңірлік
 университетінің
3-курс студенті

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар