Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кеңес беру алаңында өз жұмысын жүргізді

Кеңес беру алаңында өз жұмысын жүргізді
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының  тапсырысымен “Халықтың сауаттылығын арттыру және медиациялық қызметтер орталығының жұмысын ұйымдастыру” жобасы аясында “ “Қаржылық тұрақтылық” атты акциясы М. Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде өтті.

Шараны бизнес-жаттықтырушы,  экономика ғылымының PhD докторы- Гульзат Искакова жүргізді. Кеңес барысында 50 адамға бизнес бағыты оқытылды.
Студенттер және оқу орнының мұғалімдеріне  арнайы дәріс барысында қаржыны қалай меңгеру қажет, кәсіпті қалай ашу керек деген секілді сауалдарға жауап алды. Білімгерлерге құқықтық кеңес те берілді. Атап өтетін болсақ, құжаттарды рәсімдеу, халыққа қызмет көрсету орталықтарында көрсетілетін қызметтерді үйден шықпай-ақ ұялы телефонмен жасау секілді қолжетімді қызметтер. 
Білімгерлер өз кезегінде аталған дәрістің маңызы ерекше екенін атап өтті. Өйткені, универитет қабырғасында «кәсіпкерлік негіздері» оқытылмайды. Ал бүгінгі таңда жастар біржақты ғана емес жан қырынан даму үстінде. Шеберлік сағаты қызықты қаржылық тренингтермен жалғасты. 
Кездесу барысында қатысушылар  түрлі салада сұрақтарын қойып, оң нәтижеде өз жауаптарын алды. Іс-шараның мақсаты  тұрғындардың сауаттылығын арттыру,  қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және жастарды бизнеске тарту болып табылады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар