«КЕЛІССӨЗДЕР ЖҮРГІЗУ НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА АУҚЫМДЫ СЕМИНАР ӨТТІ
- author AR-AY
- 9 маусым, 2024
- 257
Семинарға Қордай ауданы әкімінің орынбасары Дамира Маратқызы және Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ЖОБ өкілі Берікбол Ұзақұлы және мемлекеттік қызметкерлер, кәмелетке тол мағандар істері жөніндегі мамандар, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілдері қатысты.
Жиында азаматтардың бұзылған құқықтары мен халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған Конституциялық Заңға сәйкес баяндамалар жасалды. Сонымен қатар заңға енгізілген өзгерістер туралы кеңінен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Семинарға қатысушылар аталған заңнамалар бойынша өздерінің көкейіндегі сауалдарын жолдап, талқылау жасады. Жиын барысында аудан әкімінің орынбасары аталған іс-шараның маңыздылығына тоқталып өтті.
- Қоғамда сыбайлас жемқорлық орын алмауы тиіс. Ол үшін ең бірінші халыққа қызмет ететін мекемелер сауатты болуы тиіс. Сіздер, халыққа көмек көрсете отырып, халықтың үкіметке деген сенімінің артыуына себепші боласыздар. Барлықтарыңыз мемлекеттік қызметтің айнасысыздар. Сондықтан заңға енгізілген өзгерістерді бірінші сіздер естіп, жұмыс барысына енгізулеріңіз тиіс – деді Дамира Маратқызы.
Жиын соңында мамандар сауалдарын жолдап, аталған іс-шараны жиі ұйымдастыру қажеттігін көтерді.