Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Тараздағы түзеу мекемесінде Ұлттық киім күніне арналған шара ұйымдастырылды

Тараздағы түзеу мекемесінде Ұлттық киім күніне арналған шара ұйымдастырылды
ҚАЖ
Кез келген ұлттың өзіне тән ерекшелендіретін дәстүрлі құндылықтары, ұлттық қолтаңбасы іспетті дара әдет-ғұрпы, салт-санасы, ұлттық киімдері болатыны анық. Дәл сол секілді қазақ халқының да ұлттық киімдері – тарихтың көзі, сан жылғы салт-дәстүрінің көрінісі. Шүкір, бұл күнде жұрт арасында ұлттық киімге деген сұраныс сәт сайын артып келеді. Бұл ретте «Наурызнама» онкүндігінің тигізген пайдасы зор.

Айтулы күні өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесіндегі жазасын өтеушілерге арналған іс-шара ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – арнайы контингент өкілдерін ұлттық киімнің тарихымен таныстыру әрі оның маңыздылығын насихаттау. Шара барысында әділет полковнигі Ермек Джалгасбаев басшылық ететін мекеме қызметкерлері сот үкімімен кінәлі деп танылған жандармен қазақ халқының ұлттық киімі мен әшекейлерінің ерекшелігі жөнінде құнды деректермен бөлісті. Ал іс-шара соңында ұлттық киім киген жазасын өтеуші азаматтар ұлттық тағамдарды әзірледі. 

– Ұлттық киім – кез келген халық мәдениетінің ажырамас бөлшегі. Бұл жай ғана киім емес, бүтін бір ұлттың бет-бедерін айқындайтын қымбат құндылық. Бүгінгі іс-шара барысында сотты болған азаматтарға ұлттық киімдеріміздің шығу, қалыптасу және даму тарихы, ата-бабамыздың тыныс-тіршілігі мен салт-дәстүріміз нақты мысалдармен түсіндірілді, – делінген ақпаратта

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Алғашқы қадам
Алдыңғы мақала
Алғашқы қадам

Ұқсас жаңалықтар