Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Әскери-патриоттық және тәрбиелік жұмыс

Әскери-патриоттық және тәрбиелік жұмыс
Жастарға патриоттық тәрбие берудің негізгі бөлігі – ол әскери-патриоттық тәрбие

Әскери-патриоттық тәрбие еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған сенімді қорғаныс міндеттерді, патриоттық және рухани-психологиялық қасиеттерді қалыптастыруға негіз болады. Осы орайда  жастарымызға патриоттық тәрбие беру, Отанымыздың саналы да белсенді күрескерлерін тәрбиелеу, оларды еліміздің игілігіне жанқиярлықпен еңбек етуге, республикамыздың мүддесін қорғау мақсатында Бесагаш шекара бөлімшесінде 28 -ші мектеп оқушыларымен таныстыру жүргізілді. Іс шараға Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Сарымсаков Данияр Рамазанович,  Бесагаш шекара бөлімшесі бастығының орынбасары аға лейтенант Камон Мирас Сунгатулы,  28-ші мектеп алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Төлегенов Думан қатысты.

Жамбыл ауданы бойынша шекара басқармасы бастығының орынбасары подполковник Сарымсаков Данияр Рамазанович өз сөзінде: «Отанды қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Қазақ елінің тарихында батырлық пен ерліктің, шынайы патриотизмнің жарқын бейнесі болған жандар аз емес. Ерлік пен батырлық, Отан үшін жан кешу, Ел үшін жасалған қызмет ешқашан да ұмытылмайды! Елі мен жері үшін көзсіз ерлікке барып, жан аямай күрескен батыр ата-бабаларымызға құрметіміз ерекше. Олардың айбынды жалғасы бүгінді әскеріміз, Қарулы Күштеріміз. Жамбыл ауданының аумағында орналасқан Бесағаш шекара бөлімшесі ел іргесінің бүтіндігі мен мемлекетіміздің тыныштығына қызмет етіп келе жатқан әскери бөлімше.  Бұндай әскери патриоттық және тәрбиелік мәні бар іс-шаралар жастардың патриоттық сезімін оятып, өз елін, жерін сүюге ықпал жасайды» - деді.

Шара барысында оқушылар әскери бөлімше қызметкерлері дайындаған қару-жарақ көрмесімен, сарбаздардың тұрмыс-тіршілігі көріп,  қызметтік жануарлармен және әскери асханамен жақынырақ танысты. Әскери саланы таңдаған оқушылар офицерлер мен сарбаздарға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауап алуға мүмкіндік алды.  

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар