Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Кеңес ауылындағы қуаныш

Кеңес ауылындағы қуаныш
Ашық дереккөз
Көптерек ауылдық округі, Кеңес елді мекенінде төртінші жыл қатарынан тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыға тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша ынтымақ пен бірлікті ту еткен ауыл тұрғындары «Асарлатып үй салу» жобасы арқылы көпке үлгі көрсетті.

Көптерек ауылы ақсақалдар кеңесінің шешімімен және ауыл әкімінің ұйымдастыруымен Кеңес ауылының Ж.Науатов көшесіндегі №8 үйдің тұрғыны Алтын Қарқынбаеваға жалпы көлемі 143 шаршы метрді құрайтын бес бөлмелі еңселі үйдің кілті табыс етілді.Іс-шарада аудан әкімінің орынбасары Болат Сағынбеков, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Мадина Сейтқазина, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бекжасар Ермаханбетов, еңбек ардагері Абдрахман Кенжебаевтар жүрекжарды лебіздерін арнаса, баспана иесі Алтын Қарқынбаева аналық алғысын жеткізді. 

Жаңа баспананың салынуына мектеп бітіргендеріне 20 және 30 жыл болған түлектердің қосқан үлестері мол. 1988 жылы туған мектеп түлектері, ауылдас ағайындар мен қолы ашық кәсіпкерлер де жыл сайын дәстүрге айналған «Асарлатып үй салу» жобасына белсене атсалысқанын атап өткен орынды. Жаңа баспананың лентасы салтанатты түрде қиылып, ақ жаулықты аналар шашу шашты. 
Жалпы биыл Байзақ ауданында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында 18 үй салу жоспарланып отыр.

«AR-AI»-ақпарат

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар