Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жауынгерлік дайындық - басты назарда

Жауынгерлік дайындық - басты назарда
ашық дереккөз
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Шымкент, Арыс, Тараз және Луговой гарнизондарының әскери бөлімдерінде болды.

Шымкент қаласында генерал-лейтенант Сұлтан Камалетдинов Кеңес Одағының Батыры Сабыр Рахымов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде болды. Бас штаб бастығы педагогтар мен тәрбиеленушілерді оқу орнының алда келе жатқан 40 жылдығымен құттықтап, даңқты жауынгерлік дәстүрлерді лайықты жалғастыруға тілектестігін жеткізді.


Әскери бөлімдерде Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әскери инфрақұрылым нысандарының жай-күйін, әскери бөлімдердің техникалық жарақтандырылуын және оқу-жауынгерлік процесті ұйымдастыруды зерделеді. Сондай-ақ жөндеу шеберханаларын аралап көрді. Бас штаб бастығы алдағы оқу-жаттығуларға дайын болуы керек қару-жарақ пен әскери техникаларды аралап көрді.
Арыс гарнизонында Сұлтан Бүркітбайұлы инженерлік оқ-дәрілерді сақтау шарттарын, 44859 әскери бөлімінің техникалық аумағын тазарту жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысын және арнайы жабдықталған полигонда жарылыс қаупі бар қалдықтарды жою жұмыстарының жүргізілуін тексерді. Оқ-дәрі фрагменттерін тазарту және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті.


Әскери бөлімдерде болған С.Камалетдинов жас сарбаздарды қабылдауды ұйымдастыру, казармалық-тұрғын үй қорымен және сарбаздар үшін жасалған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлармен танысты. Мерзімді қызмет сарбаздарының оқу сапасына және олардың әскери есептік мамандық алуына ерекше назар аударды. 


Көптеген әскерге шақырылушылар колледжді бітіргеннен кейін әскерге келеді. Сондықтан С.Бүркітбайұлы қызмет барысында олардың білімдерін пайдалану қажеттілігін еске салды.
Жеке құраммен болған кездесулерде генерал-лейтенант 2024 оқу жылының жазғы кезеңіне Қарулы Күштерді дайындаудың негізгі іс-шаралары мен командалық құрамға қойылатын талаптарға тоқталды. Сондай-ақ әскерлердің жауынгерлік дайындық сапасын арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Ақтоты ЖАҢАБАЙ

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар