Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!

Өрт қауіпсіздігін сақтаңыз!
ашық дереккөз
Көкмайсаға аунап-қунап, табиғатта демалып қайтушылар қоршаған ортадағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтай бермейді. Әсіресе сөнбей қалған темекі тұқылы, тау бөктеріндегі, дала алқабындағы достармен болған демалыста от жағып, шай қайнату, кәуап пісірудің соңы төтенше жағдайларға алып келетіні жасырын емес.

Дала мен орманның ең бірінші жауы – қызыл жалын. Өрт қауіпсіздігінің қарапайым ережелерін сақтай отырып, табиғатты өрттен қорғауға және ауқымды апаттың алдын алуға болады. Ормандар мен далалардағы өрт қауіпсіздігі біздің отты қалай дұрыс пайдалануға деген оң көзқарасымызға тікелей байланысты. Табиғатта қарапайым мінез-құлық ережелерін сақтай отырып, орман мен дала өртінің санын едәуір азайта аламыз. Осыған орай облыс аумағында өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Облысымыз ыстық және құрғақ аумақтардың бірі. Дегенмен ыстық күндер жаз мезгілі басталмай-ақ ертерек келеді. Сондықтан табиғи ортада құрғақ шөптің өртену жағдайлары мен өрттің одан әрі таралуы салдарынан өрттің пайда болу ықтималдығы күн сайын артуда. Алдын алу мақсатында жамбылдық құтқарушылар үнемі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау жөнінде халық арасында рейдтік және түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыруда.

Тараз қалалық төтенше жағдайлар басқармасы «Рассвет» иінінің және бірқатар көшенің тұрғындарымен тұрмыста және табиғатта демалу кезінде өрттің туындауына жол бермеу бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Автокөліктегі дауыс зорайтқыш қондырғылар арқылы халыққа өрт қауіпсіздігі ережелері түсіндірілді және жадынамалар таратылды. Мұндай сипаттағы профилактикалық рейдтер демалыс күндері облыстың барлық аудандарында өтті.

Осы ретте азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлері ормандар мен далалардағы өрт қауіпсіздігінің жалпы ережелерін сақтауды ескертеді.
От тек ерекше қажеттілік жағдайында және арнайы дайындалған жерлерде жағылуы қажет. Отты жаққанда қолданыстағы нақты ережелерді ескеріңіз. Отты ұқыптылықпен өшіріңіз. Сөндірілмеген темекі тұқылдары мен сіріңкелерді ойланбастан лақтыра салудан аулақ болыңыз. Егер өрттің белгілері байқалса, оларды жою үшін барлық шараларды шұғыл қолданыңыз. Өзіңіз өртті сөндіре алмайтыныңызға көзіңіз жетсе, «101» немесе «112» бірыңғай құтқару телефонына хабарласыңыз. Өрт қаупі жоғары кезеңде сіз мүлдем от жақпауыңыз қажет. 

Жанислам ТІЛЕГЕНОВ,
Тараз қалалық төтенше 
жағдайлар басқармасының
инженері

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар