Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

«WORLDSKILLS» үздіктері марапатталды

«WORLDSKILLS» үздіктері марапатталды
ашық дереккөз
Жақында колледж студенттері арасында өткен облыстық «WorldSkills Jambyl-2024» турнирінің қорытындысы шықты. Жобаның мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту.

Турнирге облыстағы 25 колледжден 122 студент қатысты. Облыстық кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Дана Ералиеваның айтуынша, болашақ мамандар бірнеше құзыреттілік бойынша сайысқа түскен.Байқау нәтижесі бойынша №9 Меркі аудандық колледжінің студенті Серік Мұрат веб-технология бойынша жеңімпаз атанды. Графикалық дизайнерлер арасында Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Алина Шералыға тең келер қарсылас табылмады. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Ерболат Бейсенқұл кірпіш қалап, құрылыс бағыты бойынша өзгелерден озық шықты. №7 Бетқайнар колледжінің студенті Латифа Арбуду сән технологиясы бойынша I орынды жеңіп алды. Тараз қызмет көрсету және технология колледжінің студенті Даниал Пернебек аспаздық өнер бойынша тұғырдан көрінді. 

Ал автокөлік шанағымен жұмыс істеу бойынша Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Шәмшиддин Айтқұлов үздік деп танылды. Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің студенті Динахмет Керімжан көлік жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша жеңіс тұғырының ең биік сатысынан көрінді. Аталған колледж студенттері Жандос Алтай дәнекерлеу технологиясы, ал Дмитрий Коломойцев сандық басқарылатын станоктарда токарлық операциялар бойынша үздік шықты. Сондай-ақ Богдан Иманқұлов мобильді робототехника, Ерасыл Үсенов ақпараттық кабельдік желілер құзыреттілігі бойынша I орынды жеңіп алды.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжінің студенті Анна Богославец үздік бастауыш сынып мұғалімі ретінде қазылар алқасының көңілінен шықты. Жамбыл инновациялық жоғары колледжінің студенті Мадияр Ақылбек бизнес саласы бойынша сауатты IT-шешім ойлап тауып, I орынды еншілесе, курстасы Шохрух Рустамов мобильді қосымша әзірлеу бойынша үздік атанды. Осы колледждің стeденттері Диана Ақылбекқызы нан пісіруден, Гозал Ишқараева кондитерлік-аспаздық бойынша жеңіске жетті.Қаратау тау-кен технологиялық колледжінің студенті Полина Антипова кескіндеме және сәндік жұмыстар, курстасы Мағжан Жуасбек құрғақ құрылыс пен сылақ жұмыстарының үздігі атанды.Жеңімпаздар байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алғанын айта кету керек. 

Ақтоты Жаңабай
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар