Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Биыл Жамбылда 22 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі

Биыл Жамбылда 22 денсаулық сақтау нысаны пайдалануға беріледі
Әнші туған күнінде Стамбұлда шығармашылық кеш өткізеді

Жамбыл облысында биыл 24 денсаулық сақтау нысанының құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Arainfo.kz тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл оның 22-сі ел игілігіне беріледі. Құрылыс жұмыстарына 6,4 млрд теңге қарастырылған.

Бұдан бөлек 2 нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ 125 бірлік медициналық жабдық, 30 санитарлық автокөлік сатып алынады деп жоспарлануда.

2023 жылы облыста 17 медициналық нысан пайдалануға берілді, оның ішінде облыстық онкологиялық диспансер, Шу ауданындағы балаларға арналған оңалту орталығы бар. Сонымен бірге 11 нысан күрделі жөндеуден өтті. 446 дана медициналық жабдық және 40 санитарлық автокөлік сатып алынған болатын.

Нәтижесінде емдеу мекемелерінің медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілу деңгейі 96,6 пайызға (91,9%-дан) дейін жетті.

Айта кетейік, өңірде 391 денсаулық сақтау нысаны халыққа қызмет көрсетеді.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар