Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Балабақша - бақыт мекені

Балабақша - бақыт мекені
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің биылғы 1 қыркүйектегі «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам.» атты Қазақстан халқына Жолдауында ел дамуының ең басты бағыттарын айқындап берген болатын.

 Соның жетінші бағытында: жаңа экономикалық саясатты дамыту үшін Мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жаңа моделіне көшіп, осы тетіктің тиімділігін арттыру үшін тиісті заң қабылдау қажет делінген. Мемлекекттік жекеменшік әріптестіктің болашағы зор. Ендеше Облысымыздағы мемлекеттік жекеменшік негізіндегі балабақшалар туралы айтпақшымыз.

2022 жылы «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы» Ұлттық экономика министрлігі және сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, «2022-2031 жылдарға арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту стратегиясын» әзірлеп шығарды. Стратегияның миссиясы – мемлекет пен бизнес мүдделерінің теңгерімін ескере отырып, мемлекеттік инвестициялық саясатты жүргізуге жәрдемдесу арқылы МЖӘ-нің орнықты озық практикаларын әдіснамалық қолдау және тираждау жолымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету.

Жамбыл облысы бойынша жекеменшік 280 балабақша, қала бойынша 86 бақша бар екен. Және жыл санап облысымызда балабақшалар саны артып келеді. 2022 жылдан бастап мемлекеттік балабақшаға 3 жастан емес, 2 жастан бастап ала бастады. Ал жекеменшік бақшалар сәбилерді 1 жастан бастап алады. Балабақша жайлы айтқанда мектепке дейінгі баланың баратын басты ордасы туралы ойлаймыз. Түсінігімізше бөбекжай – әр ата-ананың еркесінің, алақанға салып аялап отқан тентегінің үйден тыс тәлім алатын, үйренетін жері. Түптеп айтсақ барлық тәрбие мен білімнің ең алғашқы баспалдағы. Балабақша баланың   өмірге аттаған алғашқы қадамы.

Сен не деген бақытты едің келер ұрпақ

Қараймын келбетіңе мен таңырқап, деп ақын Қасым Аманжолов айтқандай бүгінгі буын ерекше. Олар дарынды әрі қабылетті. Айтқанды тез ұғып, санасына сіңіріп алады. Қағылез ұрпақтың көңіліен шығу үшін бүгінгі балабақшалар бүлдіршіндер үшін бар жағдайды жасауда. Мемлекеттік жекеменшік әріптестік қоғам бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі. Бұл бағдарламасы аясында кәсіпкер тұрақты, ұзақ мерзімді табыс алады және халықты балабақшалармен қамтамасыз ету туралы мәселені шешеді. Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік бұл тәрбие саласындағы тиімді жобаға айналды. Мектепке дейінгі ұйымдардың үлгілік қағидатына сәйкес балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамуындағы ауытқуды түзету, әлеуметтік бейімдеу, дамыту, медициналық бақылау, сауық­тыру және басқа да қызмет түрлерінің шығыстарын мемлекет қаржыландырады. Ал ата-аналардың ай сайынғы төлемақысы балалардың ас-ауқатына жұмсалады. Балабақша да бизнес көзі. Мұнда жеке кәсіпкерге қойылатын талап – мектепке дейінгі ұйымда бала үшін қолайлы, қауіпсіз жағдай жасау. Балабақша ашу үшін бірінші кезекте жеке немесе жалға алынған ғимараттың санитарлық-эпидемиологиялық тазалығы, өрт қауіпсіздігі, ерекше қажет­тіліктері бар балалардың білім алуы үшін жағдай жасау, балабақшаны жиһаз, жабдықтармен жарақтандыру, медициналық қызметке лицензияның болуы, тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогтермен қамтамасыз ету жайы стандартқа сай болуға тиіс. Сонымен қатар балабақшада бейнебақылау камерасы, дабыл түймесінің болуы сынды тағы бірнеше талап бар.

Қаламыздағы №1 бөбекжай бақшасында былтырдан бастап  жаңа өзгерістер көп. Балабақшаға отбасында еркелеп, өз дегенін, қалауын орындатып қоятын бір бір үйдің еркелері келеді. Бір үйдің кенжесі, бірі тұла бойы тұңғышы. Бірақ,бұл ортада  балаларға бірдей тәрбие беріп, бірыңғай тәртіпке баулиды. Күн тәртібі реттелген. Ас ауқаты құнарлы. Бақшадағы оқу қызметері  бес сала бойынша іске асып барлығы  ойын түрінде балалар бойына білім нәрін сусындатады. Тілін дамытып ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы  оң мен солын, ұзын қысқа, үлкен кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу  арқылы шығармашылығы дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді, қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді, сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын  ұстап  өсуі жолында да берілетін осы балабақша жұмысының еңбегі  ұшан теңіз.

Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші. Сондықтан қиыны мен жеңілі, қызығы мен қуанышы мол болған еңбек жолындағы педагогикалық ұстанымым — үнемі жаңалыққа ұмтылып, алдыңғы қатардан көріну және әр баланың бойынан жақсылық тауып, бұлақтың көзін ашу арқылы биік мақсаттарға жетелеу.Бақшаны-бала бағбандарының мекені деп тани отырып, балабақшаны-болашақтың қақпасына  деп білуіміз керек. Болашақтың қақпасы-әрбір бақша табалдырығын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарында ертеңге деген нық сенім, жүректерінде патриоттық сезімдері жалындаған ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа болуы тиіс.

Алима Сраилова

№1 бөбекжай бақшасының тәрбиешісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар