Аймақтың 85 жылдығына арналған іс-шараны «Дулатитану және Өңір тарихы» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Сейдахан Бақторазов ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жиынға Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық доценті, т.ғ.к. Берлібаев Ердәулет Тұрбекұлы, Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессоры т.ғ.д Асқар Абдуалы, облыстың ардагерлер кеңесінің мүшесі Амангелді Кәрентаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті, п.ғ.к. Байдалиев Дархан Дәулетжанұлы, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті Тарих кафедрасының аға оқытушысы философия докторы PhD Дәулет Кәрібайұлы, Талас ауданының мемлекеттік архивінің директоры Алмас Маратбекұлы, «Тарих» кафедрасының PhD, аға-оқытушысы Әсел Ташқараева, университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ардагерлер мен студенттер қатысты.
Конференция барысында «Ежелгі және орта ғасырлардағы Тараз», «ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Әулиеата өңірі», «Кеңестік дәуірдегі Жамбыл облысының әлеуметік-экономикалық ахуалы», «Облыстың тәуелсіздік кезеңіндегі тарихы» тақырыптары талқыланып, қатысушылармен сараланды.
Жиын соңында С. Бақторазов авторлық еңбегі «Әулиеата өңіріндегі кәмпескелеу және ұжымдастыру науқандары кезіндегі дүрбелең» атты монографияны қонақтарға сыйға тартты.