Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

2 800-ден аса жұмыскердің құқығы қорғалды

2 800-ден аса жұмыскердің құқығы қорғалды
А.Рысмахан
Облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның отырысы өтті.

Жиында облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жарылқасын Айтақов еңбек қатынастарын реттеу барысында атқарылған жұмыстарға тоқталды. Басқарма басшысының айтуынша, бүгінгі таңда аймақта әлеуметтік-еңбек қатынастарына қатысты ахуал тұрақты.
Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары еңбек жағдайларының ахуалын тұрақты бақылауда ұстау мақсатында облыстағы ұйымдар мен кәсіпорындарға жоспардан тыс 47 тексеру және 9 профилактикалық бақылау жүргізді.
Нәтижесінде 112 заңбұзушылық анықталып, жұмыс берушілерге орындалуы міндетті 29 нұсқама берілді. Заңды және лауазымды тұлғаларға қатысты 2 ескерту жарияланды. 9 әкімшілік құқықбұзушылық туралы қаулы шығарылды. 1,3 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл толық өндіріліп, 105 еңбек заңнамасының бұзушылықтары жойылды.
Сондай-ақ бейресми жұмыспен қамтылған 
2 583 адамның еңбек қатынасы заңдастырылып, «көлеңкелі экономикадан» шығарылды.
Өңірдегі 12 194 ұйымның 11 740-ында ұжымдық шарт жасалды. 369 ірі және орта кәсіпорынның 219-ында ұжымдық шарт цифрландырылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Есепті кезеңде мемлекеттік еңбек инспекторларымен 4 кәсіпорындағы 280,6 миллион теңгенің жалақы қарызы анықталып, олар толығымен төленген. Жалпы 2 800-ден аса жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Облыс әкімі Тараз қаласы мен бірқатар аудан әкімдерінен жалақы қарыздарын өтеу, еңбек қатынастарын реттеу бағытында атқарылған жұмыстардың есебін тыңдады.
Аймақ басшысы жауаптыларға өңірдегі ұйымдар мен кәсіпорындардың жағдайына тұрақты мониторинг жүргізуді, еңбек шиеленістерінің алдын алу бойынша нақты тапсырмалар жүктеді.
– Жұмыскерлерге уақытылы еңбекақы төлеу, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғау мәселесі назардан тыс қалмауы қажет, – деп түйіндеді Е.Қарашөкеев.


Комиссия отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімдігі, «Жамбыл облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігі және облыстың жұмыс берушілерінің өкілі арасындағы 2024-2026 жылдарға арналған келісімге қол қою рәсімі өтті.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар