Жуырда Д.А.Қонаев атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында «Отбасылық жедел жәрдем» әлеуметтік жобасы аясында, 15 мамыр – Бүкіләлемдік отбасы күніне орай отбасылық оқу дәстүрін қайта жандандыру, отбасында туындайтын мәселелердің дұрыс шешімін табу, әртүрлі әлеуметтік сала мамандарынан жауап алу мақсатында «Отбасы – өмір аясы» инфосабақ өткізілді.
«Анаға тағзым орталығының» психолог маманы – Назымбекова Аида Байялыевна бала психологиясы туралы мағлұмат берсе, әлеуметтік көмек беру бөлімінің бас маманы – Шагырбаева Мира Жакудиновна көп балалы, жалғыз басты аналарға үкімет тарапынан берілетін әлеуметтік көмек жайында хабардар етіп , «Отбасы банк» қызметкерінің қаржылық кеңес беру бөлімінің маманы – Дукенбаева Назира Зиятбековна тұрғын үй алу жолдары туралы ашып айтты.
Іс-шара соңында кітапхана қорындағы отбасы туралы кітаптар мен журналдарға шолу жасалды.