Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жылу желілері жаңартылуда

Жылу желілері жаңартылуда
ашық дереккөз
Жылу желілерін жаңғырту – кезек күттірмейтін маңызды жұмыс. Бүгінде Тараздағы М-1 жылу магистралінің тозу деңгейі 80 пайызды құраған.

Осыған орай 2023 жылы қала әкімдігімен «Тараз қаласы Сыпатай батыр, Төле би, Қ.Тұрысов көшелерінің бойындағы М-1 жылу магистралін қайта жаңғырту» жұмыс жобасы әзірленіп, сол бойынша мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған болатын. Сондай-ақ сараптама қорытындысына сәйкес республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы сұралды. Жұмыс жобасында көрсетілгендей, аталған жылу магистралі Сыпатай батыр көшесі, Төле би даңғылы және Қ.Тұрысов көшелері бойында жатыр. Жалпы ұзындығы 6 138 метрді құрайды. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жеңімпаз мердігермен келісімшарттар жасалды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстарының тапсырыс берушісі – Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Жобаның бас мердігері «Сарыағаш-Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, техникалық қадағалаушысы «АДС САПА» серіктестігі, ал авторлық қадағалаушысы – «Институт «КазНИПИЭнергопром» акционерлік қоғамы.
Барлық мүдделі мекемелермен келісу жұмыстары жүргізілген соң 2024 жылдың 19 сәуірінен бастап құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстарына жалпы 5 бөлікте құрылысшы топтар жұмылдырылған.
Бүгінде жалпы 2 000 метр жылу құбыры қазып алынып, 300 метр лоток жүйесі жаңадан орнатылды.
Құрылыс жұмыстарын 2024 жылдың 1 қазанына дейін толығымен аяқтау жоспарланып отыр.

Хабарландыру

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар