Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Ерекше жобалар елең еткізді

Ерекше жобалар елең еткізді
ашық дереккөз
Дулати университетінде «DULATY START-UP-2024: Student Energy Challenge» атты командалық зияткерлік стартаптар байқауы өтті.

Жарысқа «ЦентрКредит Банкі» акционерлік қоғамы Тараз қаласындағы филиалының директоры Бекдауыл Ипдилдаев, «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамы «Тараз» магистральдік газ құбырлары дирекциясының бас инженері Қуанышбек Нүрекеев, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, облыс бойынша экология департаментінің сынақтау зертханасының басшысы Жахангер Назарбеков, «Химия және химиялық технология» кафедрасының меңгерушісі, химия ғылымдарының докторы Маржан Қалмаханова төрелік етті.
Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев құттықтау сөзбен ашып, жүлде қоры қатысушылардың жобаларын дамытуға алғашқы инвестиция ретінде қызмет етуіне тілекші екенін жеткізді.
Байқауда 18 бен 25 жас аралығындағы студенттерден құралған 11 команда бақ сынап, өз білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отырып, қазылар алқасы алдында жобаларын қорғады. 
Жарыстың қорытындысы бойынша «DULATY ENACTUS» командасы I орын алды. II орын «HEXAGON» («Физика және информатика» кафедрасының студенттері) командасына бұйырды. III орынды «ECOSTART» командасы («Физика және информатика» кафедрасының студенттері) еншіледі. 
Сондай-ақ жеңімпаз «DULATY ENACTUS» командасы «KAZENERGY» қауымдастығының ұйымдастыруымен өтетін «STUDENT ENERGY CHALLENGE» байқауына жолдама алды. 
Байқау соңында қатысушылар университет ұжымы мен ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдіріп, сайыстың тартысты өткенін жеткізді.

Әнел ӘШІРҚҰЛ, 
Дулати университеті
медиа қызметі бөлімінің тілшісі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар