Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Нұрай мен Назира «Nortnwestern»-де тегін оқиды

Нұрай мен Назира «Nortnwestern»-де тегін оқиды
ашық дереккөз
«Northwestern» университеті – Америка Құрама Штаттарындағы 9 ұлттық университет қатарына кіретін ең беделді оқу орындарының бірі.

Әлемдегі ең танымал оқу орнының грантына ниеттілердің саны шексіз, бірақ бөлінген грант саны шектеулі. Мыңның ішінен суырылып шыққан тараздық зияткерлер жылдық оқу ақысы 72,671 АҚШ долларын құрайтын университеттің грант иегері атанды.

Тараз қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары Нұрай Едіге және Назира Сабыралы Катардағы «Northwestern» университетінде толық оқу және тұру шығындары төленетін 100 пайыз грант иегерлері атанды. Осылайша зияткерлік мектептің тарихында оқушыларымыз алғаш рет Катар мемлекетінде тегін білім алу мүмкіндігіне ие болды.

Нұрай Едіге – «Northwestern» Qatar университетінен басқа, әлемдегі беделді оқу орындары саналатын Duke Kunshan University –
90 пайыз жеңілдікпен (Қытай), KIMEP университеті (50 пайыз), Bentley University (АҚШ), Denison University (АҚШ) және Koc (Түркия) университетінен шақыртулар алған.

Назира Сабыралы – табандылық пен мақсатқа, адалдық пен үлкен мүмкіндіктерге қалай жол табуды көрсететін үлгілі оқушы. Оның
Оның жетістіктері оқумен ғана шектелмейді. Баскетбол командасының үздік ойыншысы, өзін-өзі басқару ұйымының президенті, сонымен қатар вице-президент ретінде «MUN» клубында маңызды жұмыс істеді. Сабақтан тыс уақытта да белсенділік танытып, волонтерлік және қоғамға пайдалы іс-шаралардан қалыс қалмайды.

Катардағы «Northwestern» университетінің толық қаржыландыруымен Назира мен Нұрай білімін жоғары деңгейде жалғастырып қана қоймай, басқаларды табысқа жету жолында шабыттандырады деген үміттеміз.

Жанерке ЖАНҰЗАҚ,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
баспасөз хатшысы

 


 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар