Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құқықтық сауаттылық бойынша оқыту семинары өтті

Құқықтық сауаттылық бойынша оқыту семинары өтті
Мақсат - халықтың құжат рәсімдеу барысында кездесетін түрлі кедергілерді жою және азаматтардың Заң аясында ақпараттандыру болып табылады.

Жамбыл облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен  Талас ауданында құқықтық сауаттылық бойынша оқыту семинары өтті. 
       Семинар барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі Берікбол Байхожаев тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Семинарға қатысушылар барлық сауалдарын жолдап, оған мамандардан жауап алды. Әрі  қатысушылар ҚР Конституциясының негізгі ережелерімен өз құқықтарын қалай қорғауға болатынымен танысты. Теориялық бөлімде құжат рәсімдеу кезінде қажетті құқықтық сауаттылығы мәселелері жайы талқыланды. Ал практикалық бөлімде мамандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, олар үшін жеке консультациялар өткізді.
     Кездесу барысында заңның қандай да бір нормасын қолдануды түсіну  нақты мысалдар келтірілді. Түрлі-түсті үлестірме материалдар таратылды, қандай да бір жағдайда ұсыну үшін шағымдардың үлгілері ұсынылды. 
       Ұйымдастырушылар мұндай кеңестер қоғам үшін өте пайдалы, әрі азаматтар өз құқықтарын қалай қорғау керектігін білуі керек екенін жеткізді.  Өз сөздерінде мұндай іс-шаралар тұрақты негізде жүргізілетінін жеткізді.  Себебі мұндай семинарлар елге керек-ақ. Жұрттың бәрі бірдей сауатты емес, құжат рәсімдеуде алданады, арбалады. Сондықтан аталған семинар   халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытына арналды.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар