Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

ҰОС ардагері Иван Макеев - көлік полициясының мақтанышы

ҰОС ардагері Иван Макеев - көлік полициясының мақтанышы
Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Макеев үнемі белсенді, өмірді шексіз сүйетін адам. Әріптестері оны сабырлы, кеңпейіл мінезі мен адамдарға деген жылы қарым-қатынасы үшін сыйлап, құрмет тұтады.

Тараз станциясындағы желілік полиция бөлімінің бастығы Олег Родякин жеке құрам атынан Иван Федоровичті құттықтап, оған бағалы сыйлық пен ақшалай сыйлықтарды және азық-түлік себетін тарту етті. Сондай-ақ ардагерге Көліктегі полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Бақытжан Малыбаевтың атынан жолданған алғыс хат табысталды. Хатта: «Сұрапыл соғыста қаһармандықпен шайқасып, Ұлы жеңіске қол жеткіздіңіздер.  Ұрпағына ашық аспан, бейбіт өмір сыйлаған есіл ерлеріміздің асқақ рухы алдында әрдайым тағзым етеміз. Батыр бабаларымыздың жаужүрек ерлігі бізге өнеге. Сізге шын жүректен зор денсаулық, ұзақ өмір, амандық пен бейбітшілік тілеймін», - делінген. Көлік полицейлері оған бағалы және ақшалай сыйлық пен азық-түлік себетін табыс етті. Мерекенің құрметті қонағы құттықтауды ерекше ықыласпен қабылдап, алғыс білдірді.
Қазір соғыс және еңбек ардагері Иван Макеев Тараз қаласында тұрады. Ол - 97 жаста. Қанқұйылы соғыс пен қатал сынақтар,  жауынгер достары мен жанынан жақын жандардың барлығы артта қалды.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар