Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енеді

Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енеді
Қос елдің азаматтары 90 күн визасыз жүре алады

2024 жылғы 25 мамырдан бастап Қазақстан мен Вьетнам арасында визасыз режим күшіне енеді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

2023 жылғы 21 тамызда Ханой қаласында қол қойылған Қазақстан Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасының Үкіметі арасындағы ұлттық паспорт иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім 2024 жылғы 25 мамырдан бастап күшіне енеді. Келісім екі елдің азаматтары – ұлттық паспорт иелері үшін визалық талаптардың күшін жоюды көздейді, - деді Айбек Смадияров СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, келісім күшіне енсе, қос елдің азаматтары Қазақстан немесе Вьетнамға кірген күннен бастап күнтізбелік 30 күн, ал 6 айдың ішінде жалпы алғанда 90 күнтізбелік күн бола алады.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар