Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Өнеркәсіпте қауіпсіздік қатаң сақталуға тиіс

Өнеркәсіпте қауіпсіздік қатаң сақталуға тиіс
ашық дереккөз
Құрылыс саласында немесе кез келген өндіріс орнында еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруға көп көңіл бөліне бастады.

Өндіріс орындарының жұмысының өнімділігі және жұмысшылардың жұмысқа қабілеттілігінен айырылмауы еңбекті қорғау және қауіпсіздік шараларына тікелей байланысты.

Қазіргі таңда өндіріс орындарындағы еңбекті қорғау бөліміне қаржыландыру көлемі ұлғайды. Себебі өндірісте және құрылыс саласында болсын, ең бастысы, адам денсаулығы маңызды. Осы орайда құрылыс алаңдарындағы жүк көтергіш механизмдерінің өнеркәсіптік қауіпсіздік ережелерін сақтау жайлы айтқымыз келеді.
Жыл сайын Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің облыс бойынша департаменті құрылыс ұйымдары және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы аттестатталған мекемелердің басын қосып, «Елдің құрылыс объектілерінде өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жүк көтергіш механизмдерінің операторларымен байланысты өлім жағдайларын азайту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасына» сәйкес басқосу өткізіп отырады. Мақсаты – құрылыс алаңдарындағы авариялар және жазатайым оқиғалар санын төмендету. Көп жағдайда орын алған авариялардың негізгі себептеріне инженерлік-техникалық қызметкерлер тарапынан өнеркәсіптік қауіпсіздік жай-күйін нашар бақылау, басшылық тарапынан жұмыстың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етпеу жатады. 
Мұнаралы крандарды орнату кезінде монтаждау технологиясы өрескел бұзылып, өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталмауы да оқыс оқиғаның орын алуына себеп болады. Және қауіпті техникалық құрылғылардың моральдік және физикалық тозуы, яғни крандардың пайдалану мерзімі өтіп кетуі де қайғылы жағдайға себеп. Жүк көтергіш механизм персоналының теориялық және практикалық білімдерінің төмендігі де аварияға алып келеді.
Осыған байланысты облыста орналасқан құрылыс алаңдарында крандардың құлауына жол бермеудің бірнеше амалы бар. Мәселен, құрылыс нысандарында пайдаланылатын жүк көтергіш механизмдерінің иелері немесе пайдаланатын ұйым басшылары жүк көтергіш механизмдерді, алмалы-салмалы жүк қармау құрылғыларын, кран жолдарын ақаусыз күйде ұстап және тиісті куәландыруды, қарауды, жөндеуді, қадағалауды және қызмет көрсетуді ұйымдастыру жолымен, жұмыстардың қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етуі қажет. Кәсіпорын мен ұйымдарда өндірістік бақылау және қадағалау жүйесін құру бойынша іс-шаралар бекітілген ережелерге сәйкес жүргізілуі керек. Құрылыс алаңдарындағы апатты оқиғалардан зардап шекендердің де, жұмыс берушілермен әлдебір кекілжіңге тап болғандардың да заң жүзінде сүйенері осы еңбек шарты. Ендеше нарықтық қатынастар заманында өз құқыңыз бен өз мүдеңізді тек қана өзіңіз қорғауға тиіс екендігіңізді етен шығармаңыз

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі
өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің
облыстық департаментінің
бас маманы
 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Талбесік
Алдыңғы мақала
Талбесік

Ұқсас жаңалықтар