Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Құрлық әскерлері-қуатты күш

Құрлық әскерлері-қуатты күш
ашық дереккөз
Жиынға Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары қатысты.

Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың басшылығымен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштердің командалық құрамымен көшпелі жедел кеңес өтті.

Жиынға Қарулы күштер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары қатысты. 
Кеңесте Қарулы күштер Құрлық әскерлерінің 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы қызметінің қорытындысы шығарылды. Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасарлары тиісті бағыттары бойынша баяндама жасады. 


Жауынгерлік және жұмылдыру дайындығының жай-күйі талданып, оны жетілдіру шаралары ұсынылды. Тактикалық буын офицерлерінің кәсіби және командирлік даярлығының жағдайы қаралды. Аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің дайындығын ұйымдастыру мәселелеріне назар аударылды.


Әскери тәртіп пен құқықтық тәртіпті арттыру жөнінде атқарылған жұмыстың қорытындысы айтылды. Одан өзге материалдық құралдарды сақтауды ұйымдастыру және олардың сақталуын қамтамасыз ету туралы да қозғалды. Қару-жарақ, әскери техника мен оқ-дәрілерді сақтау орындарын жетілдіру шаралары қаралды.


Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Асан Жүсіповтың жалпы қызметтік іс-қимыл туралы баяндамасы тыңдалды. Бас қолбасшы проблемалық мәселелерге назар аударды. Бұдан бөлек ол саны жағынан Қарулы күштердің ең көп түрінің қызметінің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстарын айтты. 


Қорғаныс ведомствосының басшысы Қарулы күштердің әскери және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы айтып берді. Ол казармалық қорды қалпына келтіру, Сарыөзек гарнизонындағы танк полкінің паркін жайластыру және жабдықтау жөніндегі жұмыстардың жақсы жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қорытындылай келе қорғаныс министрі офицерлер құрамы мен келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауды бірінші орынға қою керек деді. Ол гарнизонда ҚР Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының филиалын ашуды тапсырды.


«Гарнизонның әскери бөлімдері ірі елді мекендерден алыста орналасқан. Сондықтан, біз, өзіміз әскери қызметшілердің балаларына арналған мәдени-демалыс іс-шараларын өткізу, кинолар көрсету, үйірмелер мен секциялар ұйымдастыруға қолдау көрсетуіміз керек. Жеке құрамның жауынгерлік рухы осы факторларға тікелей әсер етеді», деп атап өтті генерал-полковник Руслан Жақсылықов. 


Бұдан өзге ол жергілікті атқарушы билік өкілдерімен, аудандық және облыстық мәслихат депутаттарымен әскери инфрақұрылым объектілерін жөндеуге, пайдалануға, жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстарын жүргізуге байланысты мәселелерді шешуде өзара қарым-қатынасты барынша қолдау қажеттігін мәлімдеді.

                                                               

                                                                                                                                                                                                                                                                   «AR-AI»-ақпарат
 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар