Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Акцияға 27 мыңнан аса жамбылдық қатысты

Акцияға 27 мыңнан аса жамбылдық қатысты
ашық дереккөз
«Таза Қазақстан»

 Республикалық акциясы аясында облыста «Таза аула. Таза өлке. Таза ел!» экологиялық науқаны жалғасуда. Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Ұлы дала» ықшамауданының аумағында Тараз қаласының тұрғындарымен бірге ағаш отырғызды. Бұл күні 125 қарағаш, 100  емен, 170 терек, 101  шырша көшеті егілді. 

27 мыңнан аса жамбылдық қалалар мен ауылдарды көгалдандыруға өз үлестерін қосып, 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ, 1 400-ге жуық аула, 8 300 су жүйесінде тазарту жұмыстары жүргізілді.Облыс бойынша биыл абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау жұмыстарына 9,4 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 57 100 көшет отырғызылды, 809,4 шақырым арық және канал, 3 102 шақырым көше, 1,1 миллион шаршы метр саябақ пен сквер аумағы тазартылды, 4 280 тонна қоқыс шығарылды. 53 субұрқақты іске қосу шаралары қолға алынды. Бұл бағыттағы жұмыстарды нәтижелі жалғастыру үшін 25 техника сатып алу жоспарлануда.Сондай-ақ облыс бойынша 469,6 шақырым жол жөнделеді. 228 көше (Тараз қаласында – 76 көше) жарықтандырылады. Биыл облыс орталығындағы 10 ықшамаудан мен «Қарасу» тұрғын алқабының аулалары толығымен жарықтандырумен қамтылады.Аймақ басшысына Тараз қаласын одан әрі көгалдандыру және абаттандыру жобалары баяндалды. Шаһарда ағаштарды түгендеу жұмыстары жүргізілуде. Осы мәліметтер негізінде ұтымды суару жүйесін ұйымдастыруға көмектесетін дендрокарта жасалмақ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қала инфрақұрылымын жақсарту бойынша кешенді жұмыстар атқарылуда. Президент қалаларды лайықты және тартымды жағдайда ұстау мәдениетін енгізудің маңыздылығын атап өтті.Ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің, бизнес өкілдері, студенттер экологиялық акцияға белсенді қатысуда, – деді облыс әкімі.Ербол Қарашөкеев абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары әлеуметтік нысандар мен инфрақұрылым салу жобаларының ажырамас бөлігі болуы тиіс екендігін баса айтты.2024 жылы облыста 56 көпқабатты тұрғын үйдің (2 909 пәтер) құрылысына 12,3 миллиард теңге бөлінген. Жыл қорытындысы бойынша 54 үй (2 749 пәтер) пайдалануға беріледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 1 575 пәтер сатып алу жоспарланып отыр. Бұдан бөлек 14,2 мың орынға арналған 41 білім беру, 24 денсаулық сақтау нысанының, 15 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталады.Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, өңірдегі аумақтарды көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі экологиялық науқан жүйелі түрде жалғасады.

Облыс әкімінің 
баспасөз қызметі

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар