Біз жанбасақ лапылдап,
Аспан қалай ашылмақ...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын

Бірлігі бекем елдің болашағы жарқын
ашық дереккөз
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні.

 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке – бүкілхалықтық бірліктің, достық пен келісімнің, қазақстандық патриотизм мен бірегейліктің үлгісі. Аталмыш мерекеге орай облыс әкімі Ербол Қарашөкеев «Достық» үйінде облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен кездесті.

Жалпықазақстандық бірегейлік пен ынтымақтастықты, бірлік пен татулықты, этносаралық қатынастарды нығайту және дамыту, бейбітшілік пен келісімді сақтауды мақсат еткен жиынды облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық орынбасары Гулам Умаров жүргізіп отырды.Салтанатты іс-шараны облыс әкімі құттықтау сөзбен ашып, «дөңгелек үстел» отырысының мақсаты мен маңызына тоқталды.Татулық пен тыныштықты ту еткен тәуелсіз мемлекетіміз үшін бұл мерекенің орны ерекше. Бүгінде Қазақстанда 130-ға жуық этнос өкілі бір шаңырақтың астында татулық пен ауызбіршілікте өмір сүріп жатса, киелі Жамбыл жерін мекен еткен 87 этнос өкілі ортақ Отанымыздың тыныштығы мен тұрақтылығына атсалысуда. Өңірде барлығы 75 этномәдени бірлестік бар. Облыста тұратын әрбір этнос өкілінің ұлтына, тіліне, мәдениетіне, тарихына құрметпен қарау – біздің басты міндетіміз. Этномәдени бірлестіктер тарапынан қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау және нығайтуға бағытталған 212 іс-шара ұйымдастырылып, 17 мыңнан астам адам қамтылған.Еліміздің көптеген өңірінде алапат су тасқыны орын алғаны белгілі. Біз үшін басты мақсат – халқымыздың амандығы. Осындай қиын шақта облыстық Ассамблея жанынан құрылған «Жомарт жан» орталығы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 57 миллион теңге көлемінде гуманитарлық көмек жөнелтті. Қайырымды іске атсалысқандардың барлығына алғыс білдіремін!Сонымен қатар облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылымдары тарапынан ұлттық бірлігімізді, достығымызды және этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған «Достық керуені», «Ел тану», «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт», «Қауіпсіздік сағаты», «Ананың әні», «Қолөнерім – мол өнер», «Әжемнің ертегісі», «Батаменен ел көгерер», «Ассамблея бөбектері», «Достық» этнос театры, «Бірлік тілі» атты жобаларды жүзеге асыруда.Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен 25 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясы өтті. Сессияда Мемлекет басшысы: «Ассамблея – ел бірлігін іс жүзінде орнықтыра түсетін тиімді құрылым. Бүгінде бұл – конституциялық мәртебесі бар маңызды қоғамдық орган. Ассамблея өте ауқымды қайырымдылық шараларын дер кезінде және жедел ұйымдастырып келеді. Мұның бәрі көп жылдық жүйелі жұмыстың нәтижесі екені сөзсіз», – деп жоғары баға берген болатын. Олай болса, Президент жүктеген міндеттер мен мақсаттарды өздеріңізбен бірге жүзеге асыратынымызға сенімім мол, – деген Ербол Шырақпайұлы су тасқынынан зардап шеккен елді мекендерге гуманитарлық көмек көрсету кезінде белсене атсалысқан бірқатар азаматты марапаттады.Сондай-ақ аймақ басшысы күні кеше ғана Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары болып тағайындалған жерлесіміз Лугмар Буларовты жаңа қызметімен құттықтады. Ассамблея мүшелерінің арасында сыйлы, облыстағы этносаралық келісімнің нығаюына белсенді атсалысып жүрген Лугмар Харкиұлына қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуға зор үлес қосады деген сенім білдірді.Мұнан соң облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов сөз алып, кеңес тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жайын баяндады. 2022 жылғы 8 қарашада Атырау облысына жұмыс сапары барысында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ақсақалдар кеңесі қызметін жолға қоюды, олардың жұмысын жүйелеуді, оған жаңа серпін беруді, мәртебесі мен ықпалын арттыру жөнінде іс-шаралар қабылдауды тапсырған еді. Осы тапсырмаға сәйкес ақсақалдар кеңесінің қызметі Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуда ұрпақтар сабақтастығы мен байланысын қамтамасыз етуге, азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуын ұлғайтуға, ел дамуының жаңа кезеңіндегі саяси реформалардың маңызын, мұраттары мен құндылықтарын іске асыруға және түсіндіруге бағытталуға тиіс.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар