arainfo.kz...

arainfo.kz...

Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Жамбыл ауданында "Қазақтың келіндері-ай" атты байқауы өтті

Жамбыл ауданында "Қазақтың келіндері-ай" атты байқауы өтті
ашық дереккөз
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен

 Жамбыл ауданы әкімдігінің қолдауымен 11-12 сәуір күндері Жамбыл ауданында ұлттық дәстүр мен құндылықтарды насихаттауға бағытталған «Қазақтың келіндері-ай» атты аудандық байқауы өтті.
Келіндер арасында өтіп жатқан сайысқа ауданның он бір ауылдық округінен 35 жасқа дейінгі келіндер қатысып, өзара бақ сынады. 2024 жылғы 11 сәуір күні байқаудың1-кезеңінде келіндер табиғат аясында аспаздық өнер және сиыр сауудан өзара жарысты.1-кезеңде келіндерге ауданның асыл әжелері төрешілік етті.
12 сәуірде өткен 2-кезеңде қатысушылар дәстүрлі форматта сайысқа түсті. Таныстыру, өз өнері, сұрақ-жауап, ерекше тағам кезеңдерінен сүрінбей өтіп, ерекше өнер көрсеткен келіндер ақшалай сыйлық және дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда: І орын – Молжігіт Қымбат (80 000 теңге), ІІ орын – Айтқожа Гүлжанат (60 000 теңге), ІІІ орын – Есберген Айгерімге (40 000 теңге) табысталды.

     AR-AI-ақпарат 

 

 

 

 

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар