Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Бейбітшілік – ел тілегі» атты ұлтаралық жарыс өтті.
Байқаудың мақсаты – болашақ ұрпақты ынтымақтыққа, достыққа, Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу, жас ұрпаққа біздің елімізде тұрып жатқан басқа да халықтардың озық мәдениетін, өзіндік үлгі-өнегесін, тілін, дінін біле отырып, рухани байлығымызды сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Жарысқа №2 «Болашақ» арнайы мектеп интернаты оқушыларының арасынан қазақ, орыс, әзербайжан, украин сынды 4 ұлт өкілінің командасы қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Нақты айтқанда таныстыру, салт-дәстүр, мақал-мәтел, өзге мемлекеттердің туын табу және өз өнерлерін ортаға салу. Барлық кезеңдерде сайыскерлер өз тілдерінде жарысқа түсті.
Қазылар алқасының шешімімен І орынды Сағындық Айсана иеленді. ІІ дәрежелі дипломмен Свердюк Данил, ІІІ дәрежелі дипломмен Садаев Евгений марапатталды. Сондай-ақ Ахмедова Лора алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлықтар берілді.