Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді

Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді
freepik.com
Кейбір белгілер Астана мен Алматыда орнатылған

Елімізде жаңа жол белгілері бекітілді, деп хабарлады Қазақстан стандарттау және метрология институты.

Биыл 1 мамырда ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қолданысқа енгізіледі.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті күшейтуге және жол қозғалысының барлық қатысушына қолайлылықты көздейді.

Ұлттық стандартқа енгізілген өзгерістерге сәйкес, төмендегі жаңа жол белгілері бекітілді:

1. Міндетті айырым белгісі: гибридті қоспағанда, барлық электромобиль қолдануға тиіс «Электромобиль» белгісі.

2. Жаңа жол белгілерін енгізу:

Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апаттық жағдайдың алдын алу үшін тротуарларға орнату жоспарланған электр самокаттарда жүруге тыйым салынады;

«Диагональды жаяу жүргіншілер өткелі»;  

«Қарама-қарсы жүріс бөлігіне қайта ауысу»;

«Қарама-қарсы жүріс бөлігінің соңы».

Қазақстан стандарттау және метрология институтының мәліметінше, осы белгілердің кейбірі Алматы және Астана қалаларында тестілік режимде енгізілген. Ол өз тиімділігін көрсеткен.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар