Бұл туралы облыстық жастар ресурстық орталығының директоры, облыстық еріктілер фронт-офисінің басшысы Теміржан Ізтілеуов Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында баяндады.
Су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жинау бойынша ақпарат еріктілер көмегімен әлеуметтік желілерде, түрлі мессенджерлерде белсенді түрде таратылып, тұрғындарды ақпараттандыру жүргізілуде.
Гуманитарлық көмек Тараз қаласы, Төле би даңғылы, №35 мекенжайында орналасқан облыстық еріктілер фронт-офисінде қабылданады, – деді спикер.Еріктілер су басқан аймақтарға азық-түлік пен қажетті заттарды жеткізуге, сондай-ақ гуманитарлық көмек жинау жұмыстарына қатысуда. Зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жинау және сұрыптаумен тұрақты түрде 200-ге жуық волонтер айналысады.Кәсіпкерлер мен тұрғындар киім-кешек, азық-түлік, жеке гигиеналық заттар, үрлемелі қайық сынды заттар әкеліп берген.
Бүгінге дейін Батыс Қазақстан, Атырау, Қостанай облыстарына – 40 тонна, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарына 60 тонна жүк жөнелтілді. Гуманитарлық көмектің жалпы көлемі – 360 тонна. Айта кетсек, өткен аптада Қордай ауданынан Солтүстік Қазақстан облысына қосымша көмек жіберілген болатын.Тасқын судан зардап шеккендерге қол ұшын созу – елдігіміздің белгісі.
А.Бекенқызы
Таразға тәуір заманауи кітапхана керек
Ұқсас жаңалықтар
208 мың теңгеден асады: 11,1 мыңнан астам қазақстандыққа әлеуметтік төлем тағайындалды
- авторAR-AY
- 19 қыркүйек, 2024