Мемлекеттік қызметші мемлекеттің айнасы, мемлекеттің табысты жұмыс істеуінің кепілі болғандықтан, бүгінде мемлекеттік қызметшінің әдебі мен мінез-құлық мәселелеріне үлкен мән берілуде.
Сондықтан өз ісіне, сөйлеген сөзіне, жүріс-тұрысына жауап бере алатындай болуы керек. Жеке адамдар арасында болсын, мемлекеттер арасында болсын, кез келген қарым-қатынас әдеп шеңберінен шықпаса ғана тиімді әрі нәтижелі болмақ.
Әдеп нормалары мен қағидаларын сақтау боынша Инспекцияның мемлекеттік қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстары және қызметтік этика нормаларын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-пихологиялық ахуалдың жай-күйін зерделеу мақсатында әр тоқсан сайын анонимді сауалнама және мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіледі.
Кодекс - халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез-құлықтарына үлкен мән берілуде. Сондықтан, мемлекеттік қызметте үлкен жетістіктерді бағындыруды көздеген әрбір мемлекеттік қызметші Әдеп кодексін және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңдарының талаптарын сақтап мемлекеттік қызметті адал атқаруы қажет.
«Ұлтына, жұртына қызмет ету – білімнен емес, мінезден» дейді Алаш арысы Әлихан Бөкейханов. Еліміздің болашағы үшін мемлекеттік қызметкерлер адамдық парасаты мен кәсіби біліміне байланысты, өз қызметін адал және абыроймен атқаруы қажет.
Ниязқұлов Нұрғали Жұмәділұлы
Жамбыл облыстық орман шаруашылығы
және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының
Әдеп жөніндегі уәкіл
Ұқсас жаңалықтар
Енді eGov Mobile қосымшасы арқылы шетелден тауарға тапсырыс беруге болады
- авторAR-AY
- 13 желтоқсан, 2024