Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

№58 Түзеу мекемесінде “Дүниежүзілік кітап күні” атап өтілді

№58 Түзеу мекемесінде “Дүниежүзілік кітап күні” атап өтілді
23 сәуір – әлем әдебиеті үшін символикалық дата.

Жамбыл облысының ҚАЖ департаменті РММ №58 мекемесінде ағымдағы жылдың сәуір айында САТжӘПЖЖ бөлімінің бастығы және қызметкерлері “Дүниежүзілік кітап күні” іс-шарасын атап өтті.
Кітап – адам баласы ақыл-ойынан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал, білім мен тәрбие көзі. Ол – адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі.
Көпшілікке арналған алғашқы баспа өнімдері (діни уағыздар, қолжазба кітаптар) ағаш қабығына, теріге, кейіннен қағазға қолмен көшіріліп жазылған.
23 сәуір – әлем әдебиеті үшін символикалық дата. Дәл осы күні әлемдік әдебиет майталмандары М.Сервантес, У.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон сынды танымал авторлар туған немесе өмірден озды. Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16-қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы Қарар қабылданып, 23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап күні» болып жарияланды. Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы баршаны кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады. 
     Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай облыстық кітапхана түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар