Arainfo.kz - жастарға арналған басылым

Байланыс

Зағиптар арасында компьютерлік, сенсорлық меңгеруден байқау өтті

Зағиптар арасында компьютерлік, сенсорлық меңгеруден байқау өтті
Кітапхана 2022 жылдан бастап «Зағип және компьютер» үйірмесін жүргізген болатын.

Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастыруымен  №2 Арнайы зағип және нашар көретін балаларға арналған  «Болашақ» мектеп-интернатында «Зағип және компьютер» үйірмесі аясында дәріс алған көру қабілеті нашар оқырмандар арасында «Кедергісіз келешек» атты байқау өтті.

Әлемді тануы үшін, ақпарат алу және бөлісу үшін бүгінгі таңда ақпарат технологиясының рөлі аса жоғары. Осы технологияларды еркін меңгеруі мақсатында арнайы кітапхана 2022 жылдан бастап «Зағип және компьютер» үйірмесін жүргізген болатын.  

Жүргізілген сабақтар нәтижесінде біліктілік танытқан 4 білім алушы іріктеліп, сайыс ережесіне сәйкес үш кезең мен өздерінің бағын сынады. 

Бекітілген Қазылар алқасы барлық қатысушылардың жауаптарын қарап, жүлделі орындарды анықтады. Нәтижесінде І орынды Байбосын Айзере, ІІ орынды Байболов Асхат иеленсе, ІІІ орынды Әмірбек Мәншүк өз қанжығасына байлады. Ал қалған қатысушылар ынталандыру сыйлығына ие болды

AR-AY
Автор

AR-AY

Arainfo.kz жастар газеті

Ұқсас жаңалықтар